Футбол.кз сайтының жасаған сауалнамасын қорытындыласақ Чемпиондар лигасының болашақ жеңімпазы деп көпшілік жанкүйерлер "Барселона" командасын таңдады. 37 пайыз дауыс жинаған "Барса" биылғы ЧЛ-дағы ең азулы команда екені рас. Келесі кезекте "Реал". Өз алаңында "Хихонға" жеңіліп жүрген команда келер 1/4 финалда "Тоттенхэмнен" өте алар ма екен? 25 пайыз. Үшінші орынды "Манчестер Юнайтед" алды. Ол сауалнамаға қатиысқандардың 17 пайыз дауысын жинаған. Сырт алаңда 2-0 ұтылып тұрып "Вест Хэмді" 2-4 есебімен ұтып кеткен "қызыл сойқандар" жақын арада ақсүйектермен бақ сынасады.