Жарнама
Жарнама

Салах үйсіз жүрген адамды жақтап, оған ақша берді

07.10.2020, 23:24
Салах кезінде үйіне ұрлыққа түскен ұрыларға жұмыс тауып берген еді.
Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах жақсылық жасады, деп хабарлайды The Sun.

Салах "Энфилд" стадионының жанындағы жанармай бекетінде бір топ жас жігіттің қолына түскен қаңғыбасты жақтап шықты. Бұл бұрынғы жұмысшы Дэвид Крейг болып шықты. 50 жастағы ер адам отбасымен ұрысып қалғаннан кейін алты жылдан бері көшеде ұйықтап жүр екен.

«Мо алаңдағыдай әдемі болды. Ол әлгі жігіттердің маған айтқанын естіп, оларға бұрылып: «Бірнеше жылдан кейін сіз оның орнында болуыңыз мүмкін» деді. Мо маған 100 фунт стерлинг бергеннен кейін ғана бұл қалжың емес екенін түсіндім, бұл керемет жағдай болды, ол жай ғана аңыз. Менің ойымша Мо - нағыз батыр, мен оған ризамын», - деді Крейг.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров