Жарнама
Жарнама

Салах “FWA Жыл Футболшысы” атағына қол жеткізді

10.05.2025, 07:30

Мохамед Салах Англиядағы спорт журналистерінің қауымдастығы (FWA – Football Writers’ Association) тарапынан 3-ші рет жылдың үздік футболшысы атанды.

Жарнама
Жарнама

Мысырлық шабуылшы дауыс берушілердің 90 пайызынан қолдау алып, бұл марапатты осы ғасырда ең көп дауыс жинап жеңіп алған футболшы атанды. Ол бұл жетістігі арқылы Криштиану Роналду, Тьерри Анри және Уэйн Руни сынды аңыздардан басым түсті.

Салах 2024/25 маусымында барлық турнирлерде 33 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.

FWA (Football Writers’ Association) — Ұлыбританиядағы спорт журналистерінің ең беделді ұйымдарының бірі. Олар жыл сайын маусымның ең үздік ойыншысын анықтайды.

Бұл марапат — ойыншының тек статистикалық көрсеткіштеріне ғана емес, оның командаға ықпалына, көшбасшылық қасиетіне де қарай отырып беріледі.

Салах осы жылы 90% дауыс жинады. Бұл XXI ғасырда тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Тьерри Анри (2004) – 83% 

Криштиану Роналду (2008) – 75%

Уэйн Руни (2010) – 80% 

Мохамед Салах (2025) – 90%

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров