Мерсисайд командасының көшбасшысы қайта қатарға оралды.
Мохамед “Ливерпульдің” “Брайтонға” қарсы ертең болатын кездесуіне дайын екен. Арне Слот Египет ойыншысымен болған арадағы кикілжіңге қарамастан, оны ойынға қатысатын футболшылар тізіміне қосқалы отыр. Премьердің 16-тур кездесуін қазақстандық фанаттар әдеттегідей сағат 20:00-де тамашалай алады.
Осы маусымда Салах “Ливерпуль” жейдесінде 19 ойын өткізіп, 5 гол соғып, 3 голдық пас берді. Шабуылшының клубтық деңгейдегі ойыны жүрмей жатқанымен, құрамадағы көрсеткіші тамаша. Мәселен, Мохамед Әлем чемпионаты іріктеуінің 9 матчында 9 гол соғып, Африка континенті сүрмергендері тізімінде алжирлік Мохамед Ашурадан кейін екінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, Египет перғауынының “Ливерпульдегі” келісім шарты 2027 жылға дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET