Жарнама
Жарнама

Салах Палестиналық футболшының өліміне байланысты УЕФА-ға үн қатты

10.08.2025, 13:30

"Ливерпульдің" шабуылшысы Мохаммед Салах Палестина құрамасының бұрынғы ойыншысы Сулейман әл-Обейдтің қазасына қатысты жарияланған УЕФА-ның жазбасына жауап берді.

Жарнама
Жарнама

УЕФА-ның Х-тегі ресми парақшасында 41 жастағы бұрынғы футболшының өмірден өткенін хабарлаған жазба жарияланған еді.

"Қош бол, Сулейман әл-Обейд “Палестиналық Пеле”. Ең қиын сәттердің өзінде мыңдаған балаға үміт сыйлаған талант” — делінген жазбада.

Мысырлық футболшы осы жазбаны өз парақшасына қайта жариялап, УЕФА-дан оның өліміне қатысты толық ақпарат беруді сұрады.

"Ол қалай, қай жерде және не үшін қаза тапқанын айта аласыздар ма?” — деп жазды Салах.

Айта кетейік, 2025 жылдың 6 тамызында Палестина футбол қауымдастығы Сулейман әл-Обейдтің Газа секторының оңтүстігінде гуманитарлық көмек күтіп тұрған сәтте Израильдің әуе шабуылы салдарынан қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Сулейман әл-Обейд кәсіби мансабында "Аль-Шати", "Маркез Шабаб аль-Амари" және "Газа Спорт” клубтарында ойнап, 100-ден аса гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров