Жарнама
Жарнама

Салауат Байралиев: «Біз тек Ақтөбенің емес, барша қазақ елінің намысын қорғау үшін келдік»

16.01.2021, 01:53
Ертең «Ақтөбе» «АЕК Афина» клубына қарсы ойнайды.
Жарнама
Жарнама

Ертең футзалдан «Ақтөбе» Чемпиондар лигасында гректің «АЕК Афина» командасымен кездеседі. Бір ойыннан тұратын маңызды матч алдында команданың қақпашысы Салауат Байралиев клубтың баспаөз қызметіне өзінің пікірімен бөлісті.

- Салауат, Афинаға қалай жеттіңіздер? Климат ауыстыру өз әсерін берген жоқ па?

- Шынында Грекияға жету тым ұзақ болды. Қазақстаннан Ресейге өту үшін 1 км жаяу жүрдік. Әрі қарай ұзақ ұшу бар. Және ауа-райын өзгертуде өз әсерін береді. Дегенмен бұл бізді қажытпай жігерлендірді десем қателеспеймін. Барлық жігіттер жеңіске жетуге моральдық тұрғыдан дайын. Маңызды ойын алдында жағдайды жасаған клуб басшылығана үлкен рақмет. Біз жерге қаратпаймыз деп ойлаймын.

- Жалпы Чемпиондар лигасына дайындықтарыңыз қалай өтті?

- Мен ел біріншілігінің өткен айналымының 2 турында жарақат алып, біраз емделдім. Кейін қалыпқа келу жаттығуларын жасадым. Сол үшін клубтың дәрігерлері Абзал мен Николайға, және массажист Айқан, қаламыздың фитнес клубтарының бірінде қызмет жасайтын жаттықтырушы Абылайға үлкен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар командалас жігіттер айығуға үлкен септігін тигізді деуге болады.

- Қарсылас командаға қандай баға бересіз? Арнайы дайындықтар өтті ме?

- АЕК - қиын қарсылас, ойыншылары да мықты. Дегенмен қанша қиын болса да біз оларды ұтуға бар күш-жігерімізді саламыз. Біз тек Ақтөбенің емес, барша қазақ елінің намысын қорғауға келдік. Сол үшін де арнайы жаттығулар өткіздік. Ақтөбеге жеңіспен ораламыз деген ойдамын.

Естеріңізге сала кетейік, ертең футзалдан Чемпиондар лигасының 1/16 финалы аясында «Ақтөбе» командасы Грекияның Афина қаласында жергілікті АЕК командасымен кездеседі.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров