Жарнама
Жарнама

Самат пен Давид "Ризеспордан" "Қайратқа" ауысты

10.06.2013, 18:00
Жарнама
Жарнама

САМАТ

Италияндық «Милан» командасы қатарындағы қос үздік ойыншыны сатылымға шығаруға мәжбүр. Олар Кевин-Принс Боатенг жәнеде бразилиялық Робинью.  Боатенгке ұсыныс тастап қойған клуб бар, ол «Челси». Көп ұзамай «ақсүйектердің» қатарына қосылады  деп шулап жүр көп басылым. «Милан» Боатенг үшін 16 миллион еуро, Робинью үшін 5 миллион еуро сұрап отыр. Робинью өз Отанына қайтып барады деген сыбыс бар. «Сантостың» қатарына қосылып, өзінің футболдағы мансабын сол клубта аяқтайды.   «Барселона» футбол кулбының шабуылшысы Давид Вилья мадридтік «Атлетико» командасына клуі мүмкін. Шабуылшы үшін «Атлетико» клубы 15 миллион еуро бере алады.   «Ақтөбе» командасының қатарынан үш футболшы кетті. Үш ойыншының да алаңдағы қызметі жартылай қорғаушы. Сонымен Антон Землянухин, Дидар Сыдықбек және Александр Ульшин.  Антон мен Дидар «Атырау» командасына, Александр «Ордабасы» қатарына қосылды.   «Атлетико» клубы жазғы ауысым барысында біраз шығындалайын деп тұр. Фалькаоның орынын толтыратын шабуылшы іздеп жатыр. Испания примерасының соңғы турында бір өзі «Валенсияны» тежеген «Севилья» командасының шабуылшысы Негредоны сатып алмақ. Негредо үшін «Свилья» командасына 13 миллион еуро бермек.     «Қайрат» командасының басшылығы түріктің «Ризеспор» командасымен келісімге келді. Әңгіменің бастысы ол Самат Сымақов пен Давид Лория. Ұзақ уақыт «Қайрат» командасының ұсынысанан бас тартып келген «Ризеспор» ақыры өз келісімдерін берді. Сымақов пен Лорияның түркиялық клубқа сіңірген еңбегі мол. Келер маусымда «Ризеспор» командасы Суперлигада ойнайды.   Жазғы ауысым барысында «Арсенал» 62 миллион фунт стерлингке сауда жүргізіп көрмек. Ал басшылық болса «зеңбірекшілерге» 70 миллион фунт берген болатын. Венгер бапкердің қазіргі сауда жүргізіп, клуб ауыстыруын қалайтын бірқатар ойыншыларының тізімі «Реал» командасының шабуылшысы Гонсало Игуаин, «Боруссия» клубының жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган жәнеде «Байер» командасының ойыншысы Ларса Бендер болып отыр.   Игуаин үшін 25 миллион, Гюндоган үшін 20 миллион ал Бендер үшін 17 миллион береді.   «АЛАМАННЫҢ» ВКОНТАКТЕ ЖЕЛІСІНДЕГІ ПАРАҚШАСЫНА ТІРКЕЛІҢІЗ   «Шальке» және «Боруссия» клубтары «Барселона» сапындағы сайыпқыран ойыншы болып саналатын жас футболшы Тельоны сатып алуға қадамдар жасап көрмек. Мүмкіндік болса жалға алып көрмек. Тельоның әзірге  футбол базарындағы сомасы 10 миллион еуро.   «Спартак» командасының жартылай қорғаушысы Эйден Макгиди «Эвертон» командасының жаңа ойыншысы болып қалуы ықтимал. Макгидиді «Эвертон» клубы басты нысана етіп алды.   «ПСЖ» клубының жартылай қорғаушысы Хавьер Пасторе «Милан» командасының қызығушылығын оятты. «Рассонери» аталған ойыншы үшін барын беруге әзір. Қатарынан Боатенг, Робинью және Әл-Шаарави кететін болса, онда Пасторені қажет ойыншылардың қатарына қосып қоймақ. Осыған дейін Боатенгке «Челси», Робиньюға «Сантос» ал Әл-Шааравиге «Манчестер сити» ұсыныс тастап қойған болатын. Пасторе биылғы маусымда 34 кездесу өткізіп 4 гол, 10 голдық пас жасап берген.   «Зенит» командасының қорғаушысы Бруну Алвеш ресми түрде түркиялық «Фенербахче» футбол клубының ойыншысы болды. Алвеш үшін түркиялық клуб 5,5 миллион еуро берген.     «Манчестер сити» клубы қалай болған күннің өзінде де «Милан» сапындағы Әл-Шааравиды алмай тынбайтын сияқты. «Реал» болса күнделікті бағасын арттырып жүріп Бэйльді алды. Ол ауысымның шешуі табылды, енді жаңасы. «Манчестер сити» Әл-Шааравидің және «Милан» клубының басшылығының көңілінен шығу үшін барын салып жатыр. Әл-Шаарави үшін «Манчестер сити»  25 миллион үстіне Тевесті қосып бермек.  Ал Тевес болса «Ювентусқа» бару үшін өз келісімін беріп үлгерген болатын   «Челсидің» бас бапкері Жозе Моуринью өзінің командасының қатарына Кевин-Принс Боатенгті қосу үшін өзі білек сыбанып кірісіп көрмек. «Боатенг? Бізге ауадай қажет ойыншы, сәнгерлер мен жарнама әртістері емес» – деп бір ауыз сөзбен түйіндеген португал маманы.   «Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Хавьер Маскерано жақын күндері «Наполи» клубына келуі мүмкін. 28 жастағы ойыншы үшін «Наполи» «Барслеонаға» 20 миллион еуро бермек. «Наполи» командасының бас бапкері болып келген Бенитес осыған дейін «Ливерпуль» клубының бапкері болғанда Маскераномен жұмыс жасаған болатын. «Наполи» Маскераноның ауысымдағы сомасын апта санап өсіріп жатыр. Бастапқыда 18 миллион еуро болған.  
АНГЛИЯ ПРЕМЬЕР ЛИГАСЫ
«МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД»
Келді Қайдан? Кетті Қайда?
Бапкер: Мойес «Эвертон» Бапкер: Фергюсон Аяқтады
Шабуылшы: Заа «Кристал Пэлас» Жартылай қорғаушы: Скоулз Аяқтады
Қорғаушы: Варела «Пеньяроль»
Болуы ықтимал ауыс-түйіс
Келуі мүмкін Қайдан? Кетуі мүмкін Қайда?
Қорғаушы: Бейнс «Эвертон» Қорғаушы: Эвра «Монако»
Жартылай қорғаушы: Феллайни «Эвертон» Шабуылшы: Руни «Челси», «Арсенал», «ПСЖ»
Қорғаушы: Гарай «Бенфика» Жартылай қорғаушы: Нани «Галатасарай
Жартылай қорғаушы: Кабай «Ньюкасл»
Шабуылшы: Йоветич «Фиорентина»
Жартылай қорғаушы: Маркизио «Ювентус»
Жартылай қорғаушы: Фабрегас «Барселона»
Шабуылшы: Роналду «Реал»
Жартылай қорғаушы: Ди Мария «Реал»
Жартылай қорғаушы: Тиаго Алькантара «Барселона»
Жартылай қорғаушы: Ваньяма «Селтик»
 
«МАНЧЕСТЕР СИТИ»
Келді Қайдан? Кетті Қайда?
Жартылай қорғаушы: Хесус Навас «Севилья» Бапкер: Манчини
Жартылай қорғаушы: Фернандинью «Шахтер» Қорғаушы: Коло Туре «Ливерпуль»
Шабуылшы: Фаур «Мальме» Қорғаушы: Бридж «Рединг»
Шабуылшы: Санта Крус (белгісіз)
Болуы ықтимал ауыс-түйіс
Келуі мүмкін Қайдан? Кетуі мүмкін Қайда?
Бапкер: Пеллегрини Шабуылшы: Джеко «Наполи»
Шабуылшы: Әл-Шаарави «Милан» Шабуылшы: Тевес «Ювентус», «Монако»
Шабуылшы: Кавани «Наполи» Қақпашы: Пантилимон «Ливерпуль»,  «Фиорентина»
Қорғаушы: Пепе «Реал» Жартылай қорғаушы: Насри «Монако»
Жартылай қорғаушы: Иско «Малага»
Шабуылшы: Ламела «Рома»
Қорғаушы: Раду «Лацио»
Жартылай қорғаушы: Оливер Торрес «Атлетико»
Жартылай қорғаушы: Ди Мария «Реал»
Шабуылшы: Ройс «Боруссия Д»
Қорғаушы: Новаретти «Толука
 
«ЧЕЛСИ»
Келді Қайдан? Кетті Қайда?
Бапкер: Моуринью «Реал Мадрид» Бапкер: Бенитес «Наполи»
Жартылай қорғаушы: Малуда ?
Жартылай қорғаушы: Бенаюн ?
Қорғаушы: Паулу Феррейра ?
Қақпашы: Илариу ?
Қақпашы: Тернбулл ?
Болуы ықтимал ауыс-түйіс
Келуі мүмкін Қайдан? Кетуі мүмкін Қайда?
Жартылай қорғаушы: Снейдер «Галатасарай» Шабуылшы: Торрес ?
Шабуылшы: Йоветич «Фиорентина» Жартылай қорғаушы: Мата ?
Шабуылшы: Халк «Зенит» Қорғаушы: Давид Луис «Реал», «Барселона»
Жартылай қорғаушы: Боатенг «Милан» Жартылай қорғаушы: Оби Микел «Галатасарай»
Шабуылшы: Марио Гомес «Бавария» Шабуылшы: Лукаку «Вест Бромвич» (жалға)
Қорғаушы: Люк Шоу «Саутгемптон»
Жартылай қорғаушы: де Росси «Рома»
Шабуылшы: Кавани «Наполи»
Шабуылшы: Руни «Манчестер юнайтед»
Жартылай қорғаушы: Хаби Алонсо «Реал»
Қорғаушы: Коэнтрау «Реал»
Шабуылшы: Йылмаз «Галатасарай
Шабуылшы: Шюррле «Байер»
Шабуылшы: Джеко «Манчестер сити»
Жартылай қорғаушы: Матич «Бенфика»
Аламан
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров