Қазақстан жастар құрамасы мен "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Самат Сәрсенов Латвияның "Спартакс Юрмала" командасына ауысты.
Сәрсеновтың жаңа клубқа еркін агент ретінде қосылғаны белгілі болды. "Спартакс" клубы Латвия чемпионатында 26 ұпаймен 5-орында келе жатыр.
Шабуылшы бұған дейін Латвияның "Валмиера" клубында өнер көрсеткен болатын. Клуб сапында 9 ойын өткізіп, бір голдың авторы атанды, екі сары қағаз алды.
Біздің серіктес: FONBET