Жарнама
Жарнама

Самат Смақов Дастан Сәтпаев туралы: ұлттық құрамада ойнауы әлі ерте деп санаймын

08.06.2025, 14:53

«Жетісу» бас бапкері Самат Смақов Sports24.kz порталына Дастан Сәтпаев туралы пікірімен бөлісіп, 16 жасар баланың мансабына байланысты өзінің уайымын айтты.

Дастан Сәтпаев
Жарнама
Жарнама

«Мен Дастанды алты жасынан білемін, ата-анасын да жақсы танимын. Баласын түрлі телешоулар мен көпшілік іс-шаралардан аулақ ұстасын деп әке-шешесіне ескертіп отырамын. Дастанның кәсіби ойыншы екеніне еш күмәнім жоқ, бірақ мені алаңдататыны — оны барлық майданға тастап жатыр. Дастан чемпионатта, еурокубоктарда, ұлттық және жастар құрамасында ойнап жүр. «Локомотивте» Марат Измайлов деген ойыншы болғанын еске алыңыздаршы. Оны барлық турнирге қатар қосты да, ақыры жігіттің карьерасы сәтсіз болды. Дәл осындай жағдай «Спартакта» ойнаған Федор Черенковте де қайталанды. Қазір 16 жастағы Сәтпаевқа 35 жастағы ер адамдармен бірдей жүктеме беріліп жүр. Ал Дастанның ағзасы әлі де өседі, сүйектері қатаймаған. Сондықтан мұндай жүктеме керек емес. Жалпы алғанда, Дастан — жарап тұрған бала, істеген ісіне деген қарым-қатынасымен ойынға лайық екенін дәлелдеп жүр. Бірақ мен ұлттық құрамада ойнауы әлі ерте деп санаймын. Жастар құрамасы сапында Андоррамен ойнағаны дұрыс шешім болды. Қатарластарымен бірге ойнап, шымырлана түссін. Ұлттық құрамада ойнайтын уақыты әлі алда. Бір сәтте бәрін құртып алу оңай, ал кейін кеш болады», — деді С. Смақов.

Дастан Сәтпаев өткенде Қазақстан U 21 сапында Андорраға қарсы ойында өнер көрсеткен. Ал ертең Әли Әлиев жаттықтыратын ұлттық команда жейдесінде Солтүстік Македониямен болатын бәсекеде доп тебуі ықтимал. 16 жасар шабуылшы биыл ҚПЛ-де «Қайрат» сапындағы 12 ойында 8 гол мен 3 ассисттің авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров