Жарнама
Жарнама

Самат Смақов: футболдан алыс адамдарға айтар сөзім бар

09.08.2025, 22:56

«Жетісу» бас бапкері Самат Смақов Премьер-лиганың 20-турындағы «Оқжетпеске» (2:1) қарсы матч жайлы пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

– Футболшыларды жеңіспен құттықтағым келеді. Бүгін алаңда да, алаңнан тыс та болған барлық жігіттерге ризашылығымды білдіремін. Өте ауыр ойын болды. Бірінші таймға келсек, тайм соңына дейін жеткізе алмадық. Өзімізге пенальти әкелдік. Оған қоса, өзімізге жасаған сол алаңнан қуылу... Бір тайм бойы бір ойыншы кем ойнау, қорғану өте қиын. Бірақ жігіттерден төзімді болуды, шыдауды сұрадым. Екінші таймда бізде бір ғана мүмкіндік болды және біз одан максимум пайда шығардық. Кейін есепті ұстап тұрдық. Өте маңызды сырт алаңдағы жеңіс.

Өкінішке қарай, бұл жеңіс бізге жарақаттар есебінен келді. Бірінің мұрны сынды, екіншісінің – миы шайқалды. Футболдан алыс адамдарға айтарым сөзім бар. Кейде олар футболшылардың табысына шүйлігеді... Ал бүгін футболшы бір минутта мүгедек болып қалуы, жұмысынан айырылуы мүмкін еді. Футболшылар алаңда өз денсаулығын береді. Бүгін соның куәсі болдық. Екі адам жарақат алып, денсаулықтарының есебінен жеңіс әкелуге көмектесті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: