Жарнама
Жарнама

Самат Смақов “Жетісу” клубындағы қызметін босатты

46 жастағы маман тізгінінде талдықорғандық команда ішкі чемпионатта 12 орын алды.

Жарнама
Жарнама

Самат Смақов 2024 жылдың 19 желтоқсанында “Жетісудың” бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын. Содан бері 46 жастағы жаттықтырушы талдықорғандық команданы 27 матчта алаңға бастап шықты (4 жеңіс, 9 тең ойын, 14 жеңіліс). Осы маусымдағы ішкі чемпионаттың қорытындысы бойынша “Жетісу” 12 орынға жайғасып, Премьердегі орнын сақтап қалған болатын.

Қазақстанның 4-дүркін үздік ойыншысы атанған Самат Смақов бапкер ретінде өз мансабында “Ордабасы” және “Елімай” клубтарында қызмет жасады. Жалпы футболшы амплуасынан тыс Қабырұлы 2023/24 жылғы маусымда Қазақстанның Лига Кубогын жеңді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: