Отандық маман Самат Смақов талдықорғанның «Жетісуына» бас бапкер болып тағайындалады.
Жаңа қызметке кірісер алдында жаттықтырушы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен жолығып, команданың бағыт-бағдарын талқылаған деген ақпарат бар. Осыған дейін Самат Смақов «Астана» клубының техника жөніндегі директоры лауазымын атқарса, былтыр бас бапкер ретінде «Елімайды» ҚПЛ-ге шығарған еді.
Айта кетейік, талдықорғандық ұжымды осыған дейін тізгіндеген Қайрат Нұрдәулетов басқа ұсыныстар қарастыруда. Отандық бапкерге премьер-лиганың үш бірдей клубы қызығушылық танытып отырғаны белгілі. «Жетісу» былтыр Қ. Нұрдәулетовтің бас бапкерлігімен ҚПЛ-ді 11-орынмен аяқтаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET