Жарнама
Жарнама

Самат Смақовпен жұмыс істеуден бас тартты? Беларусь бапкері Қазақстанға не үшін келмейтін болған?

05.01.2026, 17:32

Беларусь маманы Александр Седнев «Динамо» Брест командасымен келісімшартын ұзартып, Қазақстанға келуден бас тартты.

Александр Седнев
Жарнама
Жарнама

Осыған дейін шетелдік бапкер «Ертіске» келіп, Самат Смақовка көмекші болады деп күтілген. Бірақ, соңғы ақпараттарға сәйкес, Александр Седневтің павлодарлық клубпен жұмыс істемейтіндігі анықталып жатыр.

Айта кетейік, Александр Седнев 2023-жылы «Ордабасымен» Қазақстан чемпионатын ұтқан. Одан бұрын бір маусым алдында шымкенттіктермен Қазақстан Кубогін жеңіп алған болатын. «Ертіс» биыл премьер-лигаға жолдама алды. Жаңа маусымда команданы Самат Смақов тізгіндейтін сыңайлы. Оған дейін Смақов талдықорғанның «Жетісуын» жаттықтырған.   

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров