Жарнама
Жарнама

Самат Смақовтың туысы көшеде өмір сүруде

Бүгін, 16:10

Қазақ футболының аңызы Самат Смақовтың туысы Семей қаласында үй-күйсіз жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Смақовтың бөлесі Олжас- instagram amarkhanov_yerzhan
Жарнама
Жарнама

Ержан Амарханов өзінің Инстаграм парақшасында жариялаған бейнежазбада Олжас есімді 34 жастағы ер адам туралы айтып береді. Оның тағдыры жұртты селт еткізді. Ержанның айтуынша, Олжас бірнеше ай бойы көшеде өмір сүрген, қаңғыбастың күйін кешкен. Алайда оның өткен өмірі мүлдем басқа – Олжас екі жоғары білімі бар, бір кездері Бубновский орталығында жұмыс істеп, адамдарға оңалту кезінде көмектескен білікті маман болған.

Не себепті қиын жағдайға тап болғаны әзірге белгісіз. Жақындарының да қалмағаны айтылады.

Ержан Амарханов оны көшеде көріп, жай ғана өтіп кетпей, үйіне алып кеткен. Жуындырған, тамақтандырған, киім-кешегін реттеген. Бір сөзбен айтқанда, қайта адам қатарына қосуға тырысқан.

Ержанның айтуынша, Олжастың өзі әйгілі футболшы, Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақовтың туған бөлесі екенін айтқан. Бұл ақпаратты естіген бапкер аң-таң болғанын жасырмады.

"Қалайша жақының көшеде қаңғып жүрсе, оған қол созбай қалуға болады?” – деп Ержан Амарханов Самат Смақовқа ашық түрде сауал жолдады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров