Жарнама
Жарнама

Самат Смақов: «2008-ші жылдағы ойынды еске алғым келмейді»

31.03.2015, 04:17
Жарнама
Жарнама
Футболдан Ресей мен Қазақстан арасындағы жодастық кездесу алдында Юрий Красножан мен құрама капитаны Самат Смақов баспасөз маслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ» тілшісі. - Юрий Анатолиевич, ертеңгі ойынға дайындық қалай? - Дайындық орташа. Себебі өткен кездесуде жарақат алып қалған ойыншылар бар. Есесіне олардың орнына жас футболшылар шығады. - Ертеңгі кездесуде ойыншылардың орналасуын өзгертесіз бе? - Меніңше, ондай қажеттілік жоқ. Қалай ойнап келдік, төрт қорғаушымен, солай қалдырам. - Самат, сізге сұрақ. Ресейге қарсы өткен ойын есіңізде ме? - Иә, өзара жалғыз кездесуді 2008-де өткіздік. Бірақ ол ойынды, шыны керек, еске алғым келмейді. Ресей сапында адуынды жігіттер бар-тұған. Еурода атой салған футболшылар сиреп, қазір тек Березуцкий ғана қалды. Сол ойында жеңілгенімізге қармастан, көп тәжірибе алғанымыз да рас. Ал ертеңгі матч қызыққа толы болады деп ойлаймын.   Prosporkz.kz сайтынан  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров