Жарнама
Жарнама

Самат Смақов «Ордабасы» клубында бапкерлік қызметке тағайындалды

31.01.2021, 02:40
Смақов Седневтің көмекшісі ретінде қызмет атқармақ.
Жарнама
Жарнама

42 жастағы Қазақстан құрамасының экс-капитаны Самат Смақов «Ордабасы» командасының жаттықтырушылар құрамының мүшесі атанды.

Смақов бір апта бұрын «Ордабасыны» тізгіндеген беларуссиялық маман Александр Седневтің көмекшісі болады. Сондай-ақ, бапкерлер құрамына тағы бір жергілікті маман Андрей Ферапонтов қосылды.

Бір қызығы, Самат Смақов 2018 жылдан 2019 жылға дейін «Ақтөбенің» бас директоры болған, ал Александр Седнев сол кезеңде дәл осы клубты жаттықтырды.

Ойыншы кезінде Смақов «Елимай», «Ертіс», «Ростсельмаш» (Ресей), «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Ризеспор» (Түркия) және «Ордабасы» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ ол Қазақстан ұлттық құрамасында өткізген матчтар саны бойынша рекорд орнатты (76 матч).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров