Жарнама
Жарнама

Самат Смақов жаңадан құрылатын команданы баптауы мүмкін

19.04.2022, 23:06
Бұл клуб жаңадан құрылған облыста ашылғалы жатыр.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Самат Смақов Семейде құрылғалы жатқан жаңа клубтың бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды Серый CARDINAL телеграм-арнасы.

«Шамамен маусым айында Қазақстанның жаңа аймағы, нақтырақ айтсақ, орталығы Семей қаласында орналасқан Абай облысы құрылады. Осыған сәйкес, өңірде жаңа кәсіби футбол клубы ашылады. Оның аты әлі анықталған жоқ. «Елімай» немесе «Абай» деп аталуы мүмкін. Бірақ бір нәрсені анық айтуға болады. «Ақтөбенің» бұрынғы капитаны және директоры Самат Смақов жаңа клубтың бас бапкері қызметіне басты үміткер болып табылады, дегенмен облысты кім басқаратынын білмейміз. Негізі бұл өте әділетті шешім болады. Семей - Самат Кабирұлының туған жері. Ал әлеуметтік желідегі ақпараттарға сенсек, Смақовтың командасы осы бағытта жұмыс істеуде», - деп жазады дереккөз.

Еске салайық, бұған дейін Смақов «Ақтөбенің» бас директоры ретінде, ал өткен маусымда «Ордабасы» бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров