Жарнама
Жарнама

Самат Смақов «Жетісу» клубымен келісе алмады

10.01.2021, 02:45
Талдықорғандық клуб осы жылы жергілікті жастарға сенім артуды ойластыруда.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов талдықорғандық "Жетісуда» жұмыс істемейді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бұған дейін Смақов клубта директор лауазымын алуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Жаңа қызметке тағайындау қаңтар айының басында болады деп күтілген еді.

Алайда ол Алматы облысының басшылығымен "Жетісудың" алға қойған міндеттері, бюджет және басқа жұмыс шарттары туралы келісе алмады.

Осыдан екі күн бұрын талдықорғандық клуб жаңа бас бапкерін таныстырған еді. Клубты енді Константин Горовенко жаттықтыратын болады.

2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Смақов "Ақтөбе" клубының бас директоры болды, содан кейін ол Ақтөбе облысы әкімінің футболды дамыту жөніндегі кеңесшісі және клубтың басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, бірақ көп ұзамай бұл лауазымнан өз еркімен кетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров