Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Самат Смақов жаңа жылдан кейін талдықорғандық «Жетісу» командасының директоры болып тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Командадан қазіргі директор Серік Мұқанов, спорт директоры Руслан Балтиев және «Жетісудың» бас бапкері Дмитрий Огай кетеді. Олар талдықорғандық клубта үш маусым бойы жұмыс істеді.
Өткен маусымда «Жетісу» Премьер-лигада алтыншы орынға ие болды. Команда тапсырманы орындай алмады - жеңімпаздардың үштігіне кіру. Смақов көшбасшылық лауазымдардан бас жаттықтырушыға дейін команданы қалпына келтіруге кіріседі.
Смақов футболшы ретінде «Елімай», «Ертіс», «Ростсельмаш» (Ресей), «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Ризеспор» (Түркия) және «Ордабасы» командаларында ойнады. Және 2018 жылдың қаңтарынан бастап 2019 жылдың желтоқсанына дейін «Ақтөбе» клубының бас директоры болды, содан кейін ол Ақтөбе облысы әкімінің футболды дамыту жөніндегі кеңесшісі және клуб басқармасы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, бірақ кқп ұзамай ол бұл қызметтен де кетті.
Біздің серіктес: FONBET