Жарнама
Жарнама

Самат Смақовтың футбол мектебі ашылды

07.01.2012, 20:20
Жарнама
Жарнама
Қазақ футболының 100 жылдығы қарсаңында Семейде айтулы жаңалық болды. Отандық футболдың тарланы, аяқдоптың шебері Самат Смақовтың футбол мектебі ашылды. Еліміздің 6 дүркін  чемпионы, 4 дүркін үздік футболшысы, «Ақтөбе» командасының капитаны - Самат Смақов жастарға өзі дәріс береді. Қазір туған қаласына қысқы демалысқа келген спортшы, уақытының көбін өз мектебінің шәкірттерімен өткізуде. Саматтай шебер футболшы болуды армандайтын жас спортшылар үшін  көптен күткен арман орындалғандай. Қазір мектепте 10 жасқа толған жасөспірімдер шеберлік сабақтарына қатысуда. Ниет білдіргендер болса, мектеп әлі де қабылдауда. Жаттығу толығымен тегін жүргізіледі. Қазақ футболының «отаны»  саналатын Семейде жас буынға мұндай мүмкіндік алғаш жасалып отыр. Алда әлі талай жастар топ жарып, зор сенімді ақтайтындығына жаттықтырушы да кәміл сенеді. http://kaztrk.kz  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров