Жарнама
Жарнама

Самат Сымақов кітап жазып жатыр

12.03.2015, 03:20
Жарнама
Жарнама
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Павлодардың «Ертіс» клубының жартылай қорғаушысы Самат Сымақов өмірбаяндық кітап жазып жатыр, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы. Еліміздегі ең танымал футболшылардың бірі - Самат Сымақов өмірбаяндық кітап жазып жатыр. Бұл туралы футболшының өзі отандық басылымдарға берген сұхбатында айтты. —  Өзімнің өмірім туралы кітап жазып жатырмын. Қазір кітаптің біраз бөлігі дайын. Осы жылдың аяғына дейін толық дайын болып, шығып қалатын шығар. Ол кітапта мен өзімнің спорттық ғұмырымды қалай бастағанымды, футболдағы жетістіктерімді және өткен жылы «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойыннан кейін болған жағдайды егжей-тегжейлі жазамын, - дейді даңқты футболшы. Еске сала кетейік, өткен жылы футболдан Қазақстан премьер-лигасы аясындағы «Қайрат» пен «Астана» командалары арасындағы ойыннан кейін Алматы ұжымының басшылары Самат Сымақов, Зәуірбек Плиев, Дмитрий Хомич, Александр Кислицын, Михаил Бакаевтардың команданың негізгі құрамынан шеттеткен болатын. Сол жағдайдан кейін Хомич пен Бакаев Ресейге кетсе, Сымақов пен Кислицын «Ертіске» ауысты. Міне, арада жарты жылдай уақыт өткеннен кейін Самат бұл жайттың да басын ашып берді. —  Астанада өткен матчта ешқандай дау болған жоқ. Түсініспеушіліктің бәрі матч аяқталған соң басталды. Ал, «бізді команда қатарынан шығарып жібері» деген жаңалықты ғаламтордан оқыдым. Шыны керек, мен сол кезде-ақ мәселенің мән-жайын ашып айтқым келген. Бірақ, мен ол кезде «Қайраттың» ойыншысы едім. Егер сол уақытта мен сұхбат беріп, барлығын жайып салсам «Қайрат» басшылары маған үлкен көлемде айыппұл салатын еді. Енді мен «Ертістің» ойыншысымын. Өткен аптада команда мені толық сатып алды. Толық дегенде қалай, менің трансферлік нарықтағы бағам 150 000 доллар болды. Мұндай бағаны «Қайрат» қойды. «Ертіс» клубы оның жартысын ғана төледі. Қалған бөлігін өзім төлеп, өз трансферімді өзім сатып алдым. Енді қайта өткен жылғы жағдайға оралайық. Тағы да қайталып айтамын, ол матчда ешқандай дау болған жоқ. «Астана» ол ойынға жақсы дайын болды. Сондықтан да олар 5;1 есебімен жеңіске жетті. Даудың барлығы бір күннен кейін басталды. Ғаламторға кіріп жаңалық оқып отырып бұл жайтты көрдім. Бірден таң қалдым. Басшыларға хабарластым. Олар ештеме түсіндірмеді. Мұның бәрін біреу әдейі жасады. Мен ол кісіні білемін. Жер дөңгелек. Ол кісімен де бір күні жолығып қалармыз, - дейді ол даулы мәселе байланысты Самат Сымақов. «Алаш айнасы» интернет-порталы
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров