«Ақтөбенің» капитаны Самат Сымақов өткен аптада грузиялық «Торпедо» ойынында 25-шi рет Еврододаларда жасыл алаңға шыққан екен. Бұл – Қазақстан ойыншылары арасындағы рекорд.
Самат, сонымен қатар, Европаның клубтар арасындағы ең ірі екі додасында ең көп уақыт ойнаған және қорғаушы бола тұра, ең көп гол соққан ойыншы болып табылады.
Ең көп ойын өткізген ойыншылар:
1. Самат Сымақов — 25 ойын;
2. Пётр Бадло — 23;
3. Данияр Мұқанов — 22;
4. Еміл Кенжесариев — 22;
5. Нұрбол Жұмасқалиев — 21.
Ең көп уақыт ойнаған футболшылар:
1. Самат Сымақов — 2310 минут;
2. Еміл Кенжесариев — 1934;
3. Данияр Мұқанов — 1916;
4. Нұрбол Жұмасқалиев — 1868;
5. Марат Хайруллин — 1781.
Еврокубоктерге ең көп қатысқан футболшылар:
1. Самат Сымақов — 10 мәрте;
2. Пётр Бадло — 9;
3. Фархадбек Ирисметов — 8;
4. Игорь Юрин — 8;
5. Еміл Кенжесариев — 8;
6. Данияр Мұқанов — 8;
7. Марат Хайруллин — 8;
8. Сергей Скорых — 8.
Үздік бомбардирлер:
1. Самат Сымақов — 7 гол;
2. Нұрбол Жұмасқалиев — 7;
3. Мұрат Тлешев — 6;
4. Марат Хайруллин — 3;
5. Руслан Балтиев — 3;
6. Нүркен Мазбаев — 3.
Есет ТӨЛЕШ