Қазақстан кубогінің екінші турында «Тұран» мен «Жетісу» клубтары өзара мықтыны анықтады. «Түркістан Аренада» өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды.
Матчтың 16-минутында «Тұран» шабуылшысы Самир Фазли баспен гол соқты. Сегіз минуттан кейін македониялық ойыншы есепті еселеді, ал 62-минутта хет-трик авторы атанды.
«Тұран» – «Жетісу» – 3:0
«Тұран»: Дінмұхаммед Жомарт (қ) – Андрей Залеский, Олжас Керімжанов (қ), Қасымжан Таипов, Руслан Жанысбаев – Абдуллай Диакате, Чиди Осучукву, Санжар Сатанов – Ален Айманов, Бекзат Қабылан, Самир Фазли;
«Жетісу»: Глеб Малиновский (қ) – Ерболат Рүстемов, Михаил Мищенко, Қалижан Ильясов, Тимур Жакупов – Мәди Хасейн, Давид Есімбеков, Павел Кривенцев – Равиль Атыханов, Еркебұлан Амангелді, Бауыржан Тұрысбек (к);
Біздің серіктес: FONBET