Жарнама
Жарнама

Самородов «Ахмат» сапында тағы бір жақсы ойын өткізді

Бүгін, 12:20

Кеше Ресей кубогінің топтық кезеңінің алтыншы турында «ЦСКА» мен «Ахмат» жолыққан. 

Максим Самородов
Жарнама
Жарнама

Мәскеу қаласындағы матчта грозныйлықтар сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов та өнер көрсеткен болатын. «Ақтөбенің» түлегі ойынды негізгі құрамда бастап, 81-минутқа дейін доп тепті. Матчтың өзіне келер болсақ, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голдың авторы Секу Койта болатын (34-минут). 

Сонымен, алтыншы турдан кейін, «ЦСКА» 14 ұпаймен көш бастаса, «Ахмат» екінші сатыға жайғасқан. Грозныйлық ұжымның еншісінде 9 ұпай. Максим Самородов «Ахматқа» осы жазда «Ақтөбеден» ауысып барды. Трансфер құны миллион еуроны құрады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров