Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов «Пари НН» командасының қақпасына салған добы туралы айтты.
«Бұл голды қалай суреттеуге болатынын білмеймін де. Енді ерекше айтып, мақтайтындай да емес деп есептеймін. Шынтуайтын айтқанда, бұл жерде үлкен рөл ойнайтын Талал ғой. Дер кезінде допты аяғыма салып берді. Пасқа ашыла білген менің де үлесім бар. Ал жалпы оның өзімен бірінші күн жаттығып жүрген жоқпыз, Талалдың мықты тұстарымен жақсы таныспын. Жақсы пастың нәтижесінде соғылған сондай жақсы гол деп есептеймін», - деді Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы.
Айта кетейік, Ресей Кубогі аясында болған «Пари НН» - «Ахмат» кездесуінде Максим Самородов өзінің ресейлік клуб сапындағы алғашқы добын соқты. Кездесудің өзі грозныйлық клубтың жеңісімен аяқталды (1:2). Естеріңізде болса, Максим Самородов «Ахматқа»«Ақтөбеден» ауысып барды. Трансфер құны бір миллион еуроны құраған болатын.
Біздің серіктес: FONBET