"Ақтөбе" мен Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов осыдан жарты жыл бұрын мәскеулік "Локомотив" сапына ауысудан бас тартты
Бұл туралы футбол саласының заңгері Дмитрий Кигинько мәлімдеген болатын.
"Самородов туралы менен көптеген адам сұрайды, оған ресейлік және шетелдік командалардың қызығушылығы бар. Ал "Локомотивке" қатысты айтар болсам, Самородовқа жарты жыл бұрын қызығушылық танытып, оның клубымен байланысқа да шыққан. Алайда, футболшы "Ақтөбеде" қалды",- деген еді Д. Кигинько.
Айта кетейік, Максим Самородовқа "Локомотивтен" бөлек грозныйлық "Ахмат" та қызығып, тіпті ресми ұсыныс та жасаған. "Ақтөбе" сұрмергені қазір ҚПЛ шабуылшыларының үздіктерінің қатарында келеді. Самородов 9 матчта төрт гол салып, 2 голдық пас шығарған. Клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт осы жылы бітеді.
Біздің серіктес: FONBET