Жарнама
Жарнама

Самородов ойнайтын ұжымға жаңа бапкер келмекші

Ел құрамасын баптаған бапкер “Ахмат” тізгінін ұстауға жақын.

Жарнама
Жарнама

Станислав Черчесов - “Ахмат” клубының бапкері атанбақ. Ол бұл қызметте бүгін ғана қызметінен кеткен Александр Сторожуктың орнын баспақ. 

Тула қаласының “Арсенал” ұжымын баптап келген Сторожуктың нұсқаулығымен “Ахмат” осы маусымдағы бар ойында жеңілді. Команда тіпті кавказ дербиінде біраз жылдар бойы жеңіп келген “Динамо” Махачкаладан да есе жіберді. Осы жайттардан кейін Грозный басшылығы бапкермен жұмыс жасаудың пайдасы жоқ екеніне көзі жетті.

Бапкерлік қызметке басты кандидат саналып отырған Станислав Черчесов 2024/25 жылғы маусымда ел құрамасын тізгіндеді. Біздің жігіттер ресейлік маманның қол астында 6 ойын өткізіп, соның 1 жеңіп, қалған 5 кездесуінде жеңілді. 

Қазақстанда жүрген кезінде Саламұлы Федерация қолдауымен арнайылап қазақ тілін үйренуге бел буған сәті де еліміздің футбол жанкүйерлерінің есінде. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров