Ресей премьер-лигасы «Ахмат» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовты РПЛ-дің қараша мен желтоқсандағы үздік гол авторы аталымына ұсынды.
Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеген болатын.
Максим Самородов грозныйлық клубтың РПЛ-дің 16-туры аясында «Крылья Советовқа» қарсы кездесуінде мергендігімен көзге түскен еді (2:1). Гол салар алдында ерекше техникасымен көзге түскен қазақстандық футболшының шеберлігі көпшілікті тәнті қылған. Енді Самородовтың сол голы Ресейде өткен екі ай қортындысы бойынша үздік деп танылуы мүмкін.
Үміткерлердің толық тізімі келесідей:
- Игорь Лещук ("Динамо" Мәскеу), "Ахматтың" қақпасына голы;
- Эсекьель Барко ("Спартак"), "Краснодардың" қақпасына;
- Тео Бонгонда ("Спартак"), ЦСКА-ның қақпасына голы;
- Хуан Босельи ("Пари НН"), "Динамоның" қақпасына голы
- Луис Чавес ("Динамо"), "Пари НН" қақпасына голы;
- Максим Самородов ("Ахмат"), "Крыльям Советов" қақпасына голы;
- Доминик Ороз ("Крылья Советов"), "Ахмат" қақпасына голы;
- Родриго Саравия ("Ростов"), "Пари НН" қақпасына голы.
Біздің серіктес: FONBET