Жарнама
Жарнама

Самородов түркиялық клуб скауттарының назарында? Бүгін олар «Динамоға» қарсы матчта Максимнің өнерін бағалайды

30.11.2025, 15:48

Бүгін РПЛ-дің 17-туры аясында өтетін «Ахмат» - «Динамо» Мәскеу арасындағы ойынды түркиялық клуб скауты тамашалайды деген ақпарат бар.

Максим Самородов
Жарнама
Жарнама

Қай команда өкілі екені әзірге айтылмаған. Бізге белгілі болғандай, түркиялық селекционерлер грозныйлық клуб жартылай қорғаушысы Максим Самородовтың ойынын зерттеу тапрсырмасымен келген ұқсайды. 23 жастағы футболшы аталған ойынды негізгі құрамда бастауы ықтимал. Өткен турда Самородов «Рубинға» қарсы кездесуге тұмауратып қалуына байланысты қатыспаған. Жалпы, осы маусымда «Ахмат» сапында барлық турнирлерде 2 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. 

Айта кетейік, осыған дейін де Қазақстан құрамасының футболшысына Түркия Суперлигасының клубтарынан қызығушылық бары айтылған. Жартылай қорғаушы мен «Ахмат» арасындағы келісімшарт 2028-жылдың 30-маусымына дейін жарамды. Футболшының нарықтық бағасы 2,50 млн еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров