Жарнама
Жарнама

Самородовтың бағасы өсті: РПЛ-дегі Қазақстандық футболшылардың құны жаңарды

24.09.2026, 18:35

Transfermarkt Ресей Премьер лигасында өнер көрсетіп жүрген футболшылардың нарықтық құнын жаңартты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Жаңа бағалауда Қазақстандық ойыншылардың арасында ең үлкен өсім Максим Самородовта тіркелді.

Қазіргі маусымда РПЛ-де Қазақстанның бес футболшысы ойнап жүр. Олар – «Ахмат» сапындағы Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек, Мәскеудің «Динамосында» өнер көрсететін Бахтиер Зайнутдинов, «Крылья Советов» ойыншысы Ислам Чесноков және «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп. 

Олардың ішінде нарықтық құны ең көп өскен футболшы – Максим Самородов. «Ахмат» шабуылшысының бағасы бірден 1 миллион еуроға артып, 4 миллион еуроға жетті. (

Ал Бахтиер Зайнутдиновтың нарықтық құны керісінше төмендеді. 28 жастағы футболшының бағасы 500 мың еуроға кеміп, 2 миллион еуроны құрады. 

Қазақстандық қалған үш футболшының – Ғалымжан Кенжебек, Ислам Чесноков және Нұралы Әліптің нарықтық құнында өзгеріс болған жоқ. 

Осылайша, жаңартылған бағалау бойынша РПЛ-дегі Қазақстандық футболшылардың арасында нарықтық құны ең жоғары ойыншы атағын Максим Самородов сақтап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров