Самородовтың топ-клубтағы тағдыры белгілі болды

“Ақтөбе” ойыншысы Максим Самородов мәскеулік “Локомотивке” ауыспайтын болды. 

Бұл ақпаратты “Инсайды от Карпа” телеграм-арнасы нақтылап өтті.

 

Осыған дейін футбол агенті Дмитрий Кигинько Самородовтың “Локомотивке” қосылатыны жайында айтып өткен болатын. 

Қазақстандық шабуылшыға “Рапид", "Арис" және “Трабзонспор" клубтары қызығушылық білдіргенін айта кетейік.

Максим ҚПЛ осы маусымында “Ақтөбе” үшін 8 ойын өткізіп, 4 гол мен 2 голдық пас берді. 

Самородов 2021 жылдан бері Магомед Адиев баптайтын ел құрамасына тұрақты түрде шақыртылып келеді.