Аргентина Футбол Федерациясы "Севильяның" бас бапкері Хорхе Сампаолимен келісімге келді. Енді бұл маман 1-маусымнан бастап Аргентина құрамасының бас бапкері болады. Естеріңізге сала кетейік Аргентина құрамасы іріктеу турнирін өте нашар өткізіп жатыр. Тіпті, Ресейде өтетін 2018-ші жылғы Әлем чемпионатына бармай қалу қауіпі де жоқ емес.