Словакия құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Самуэль Словак УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстанмен болған ойынды (1:2) қорытындылады:
- Бізді не күтіп тұрғанын білдік. Мұнда жоғалтқан ұпайды қайтару үшін келген едік. Біз матчты жақсы бастадық. Содан кейін ақылға сыймайтын гол жіберіп алдық. Бірінші таймның соңы біз үшін сәтсіз болды, үзілістен кейін ойынымыз жақсарды, бірақ оң нәтиже тіркеу қолымыздан келмеді. Қазақстан бізді екі рет ұпайымыздан айырды. Негізгі құрамды таңдау кезінде қателіктер болды. Гол жіберіп алғаннан кейін ес жиюымыз қиынға соқты. Қарсылас әу бастан агрессивті болды, ойыншылары белсенділік танытты, нәтижесінде ойын соңы қақтығысқа ұласты.
Біздің серіктес: FONBET