Жарнама
Жарнама

Сан-Марино аяқдопшысы берген сұхбатында қуаныштан көзіне жас алды

17.11.2020, 15:50
Кішкентай құрама үшін үлкен қуаныш.
Жарнама
Жарнама

Серхио Рамос Еуропа футболындағы рекордтарды жаңартып, екі пенальтиді қақпаға дәл көздей алмай жатқанда, Сан-Марино құрамасы өз тарихтарын жандандырды. Құрама Гибралтармен голсыз тең ойнады.

Кездесу аяқталғаннан кейін Сан-Марино ойыншылары нағыз қуанышқа ие болды. Әр адам тең ойынды түкке тұрмайды деп ойлайтын шығар, бірақ Сан-Марино үшін бұл жетістік. ФИФА рейтингіндегі соңғы орында құрған құраманың көшбасшысы Давиде Симончини матч барысында қызыл қағаз алып, ойынның екінші жартысында командасын азшылықта қалдырды. Бірақ олар мұны жасады - есепті 0:0-ге дейін сақтады.

Тарихта бірінші рет Сан-Марино құрамасы қатарынан екі ресми матчта ұтылған жоқ - қазан айында олар Лихтенштейнге (0:0) қарсы ойында да тең ойнаған еді! Футболшылар мереке жасады, тіпті эмоциясын ұстап тұра алмай кейбіреулері жылады.

«Мен жыламаймын деп уәде бердім, бірақ қазір маған ештеңе кедергі емес. Бұл құрама кішкентай болып көрінгенімен, бірақ ол нағыз үлкен құрама. Бұл біздің елімізге нағыз сый.

Мен үшін ұлттық құрамада ойнау - арман. Мен көп сөйлей алмаймын. Менің отбасым бақытты, менің әйелім бақытты! Мен әріптестеріме және жаттықтырушылар құрамына үлкен рахметімді айтқым келеді. Біз болашақта жеңеміз».- деді тілшілерге берген сұхбатында.

Ең қызығы, Росси Аргентинада туды, бірақ ол жақында ғана Сан-Мариноға қоныс аударды. Бір-екі жыл бұрын ол Сан-Мариноның азаматтығын алып, ұлттық құрамаға кірді. Ол небәрі бес матч өткізді, оның екеуінде ғана голсыз тең ойнауға көмектесті.

Дархан Қасымхан

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров