Сан-Марино құрамасы өз тарихында 4 ойын қатарынан гол соқты

Төрт ойын қатарынан гол соққанымен құрама барлық кездесулерінде жеңіліс тапты. 

Команда Сент-Киттс және Невис құрамасына қарсы жолдастық кездесуде - 1:3 есебімен жеңілді. Матчтың 21 минутында пенальтиден Филиппо Берарди гол соғып, Сан-Мариноның төрт ойын қатарынан гол соғуына себепкер болды. 

Бұған дейін Сан-Марино Еуро іріктеуінде Қазақстан, Финляндия және Дания қақпасына гол соққан болатын.

Іріктеу аясында Сан-Марино барлығы 10 матч жеңілді. Голдар айырмасы 3:31.

Соңғы рет құрама сонау 2004 жылы Лихтенштейнге қарсы ойында 1:0 есебімен жеңген. Содан бері Сан-Марино 137 матч қатарынан жеңіліс тауып келеді.