Сандро Тоналиге тағы бір жаза тағайындалады

30.03.2024, 08:57

"Ньюкасл" футболшысының тергеу кезінде де бәс тігіп жүргендігі анықталды.

Жартылай қорғаушы "сауысқандар" сапына ауысқан кезеңнің тамыз-қазан аралығында да құмар ойынын жалғастырған. Егер осы фактілер толығымен расталса, Тоналиге тағы бір дисквалификация тағайындалатын болады. 

Айта кетейік, Сандро Тоналидің "Миланда" жүрген кезінде құмар ойындарына қатысы бар екендігі анықталып, футболдан шеттетілген болатын.