“Реал Мадрид” командасының стадионы түрлі іс-шаралар өткізу үшін қолданысқа берілмек.
900 млн еуроға жаңартылған стадион 24 мен 31 желтоқсан аралығында мерекелік іс-шара өткізем деушілерге есігін айқара ашпақ. Спорттық нысанда алдағы уақытта тематикалық парктің дизайні құрылады. Аренада жанды музыка мен жаңа жылдық шоу “Реал Мадрид” клубының атынан жалға алушыларға қызмет жасайды.
Бұған дейін, “Сантьяго Бернабеу” НБА баскетбол турнирінің матчтарын қабылдайтыны жайында айтылған болатын. “Реал” клубының рұқсатын алу үшін Legends компаниясы Флорентино Переспен 360 млн еуроны құрайтын келісім шартқа отырды.
Айтпақшы, Мадридтегі стадионның 15 минутта ашылып-жабылатын шатыры бар. Соның арқасында Аренада кез-келген ауа-райында іс-шара мен спорттық бәсекелер өткізуге болады.
Біздің серіктес: FONBET