Жарнама
Жарнама

Сантуш Португалия ұлттық құрамасының бас бапкері атанды

24.09.2014, 03:28
Жарнама
Жарнама
Португалия ұлттық құрамасының бас бапкері етіп Фернанду Сантуш тағайындалды, деп хабарлайды португалия футбол федерациясының ресми сайты. Сантуш федерациямен келісім- шарты 2016- шы жылдың жазына дейін, яғни Франция жерінде өтетін Еуропа чемпионатынан кейін аяқталады. Бұдан бұрын бұл орында Паулу Бенту отырған болатын. Бентудың бұл лауазымнан кетуінін басты себебі, Еуро- 2016 іріктеу турнирінде Албаниядан өз жерінде 0-1 есебімен есе жіберуі. Және тағыда бір себебі 2014 жылғы әлем Чемпионатында топтық кезеңнен шыға алмауы. 59- жастағы Сантуш бапкерлік мансабында: "Эшторил", "Эштрелу Амадору", "Порту", АЕК, "Панатинаикос", "Спортинг", "Бенфика", ПАОК және Грекия ұлттық құрамасын жаттықтырған. Португалия чемпионы, екі дүркін Португалия кубогының жеңімпазы, Грекия чемпионы, екі мәрте Португалия Суперкубогының жеңімпазы атанған. Дайындаған: Ерден Нұрахмет
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров