Жарнама
Жарнама

«Сантьяго Бернабеу» - «Абу-Даби Бернабеу». «Реал» стадионының атауы өзгереді

29.01.2015, 21:11
Жарнама
Жарнама
«Реал Мадрид» пен Абу-Дабидегі ІРІС мұнай компаниясының әріптестігі арқасында «Сантьяго Бернабеу» стадионының атауы өзгереді. Аренаның жаңа атауы үшін «Реал»  жылына 20 млн еуро алып отырады. Сондай-ақ, International Petroleum Investment Company стадионды жөндеуге кететін ақшаның басым бөлігін өзі төлемек, бұл шамамен 500 млн еуроны құрайды. Былтыр «Реалдың» өкілдері клубтың қарызы 602 млн еуро екенін хабарлаған болатын. Сондықтан «Корольдік клубтың» басшылығы стадион атауын сату арқылы қарыздан құтылмақшы. Демек, жақын арада Чемпиондар лигасының иегері қонақтарын «Сантьяго Бернабеуде» емес, «Абу-Даби Бернабеуде» қабылдауы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров