Криштиану Роналду жарақатына байланысты сәрсенбі күнгі «Галатасарайға» қарсы ойында жасыл алаңға шыға алмады. Алайда, «сантьяго бернабеуден» сан мыңдаған «Роналдуды» көрдік. Анығырақ айтқанда, «Реалдың» жанкүйерлері Роналдудың «Алтын допты» алуына қолдау көрсету үшін ерекше әдіс ойлап тапқан екен.

Тағы бір бөлім жанкүйерлер ақ параққа «Роналду.7» деп жазып алған. Он мыңдаған адам бір уақытта осы парақтарды жоғары көтергенде қаншалық айбынды көрінетінін айтсаңызшы…
Ойынның 77 минутында жалпы жанкүйерлер бірлікте : « Роналду әлемдегі ең үздік футболшы. Ол тек Реал үшін тер төгеді. Ол Алтын допқа лайық!»- деп айқайлаған сәтте камера алаңда отырған Роналдуды көрсетті. Оның күлкі үйірілген жүзінен разылығын аңғару қиын емес еді. Ол әрі ойынның ортасындағы үзіліс сәтті пайдаланып өзінің Твиттердегі жеке парақшасына: « жанкүйерлерімнің қызу қолдауына мың рахмет. өкініштісі, мен алаңға шығып командама көмектесе алмадым»- деп көңіл-күйімен бөліскен екен.
Қуанышхан ӨмірханБіздің серіктес: FONBET