Жарнама
Жарнама

Сарапшы «Қайраттың» финляндиялық жаңа футболшысы туралы: ол нағыз гауһар тасқа айналуы мүмкін

Бүгін, 15:06

«Шахтер» мен Қазақстан жастар құрамасындағы бапкерлігімен танымал финляндиялық маман Юха Малинен «Қайрат» сапын толықтырған отандасы Ойва Юккола жайлы пікірімен бөлісті.

Ойва Юккола
Жарнама
Жарнама

Естеріңізде болса, Юха Малинен Қазақстанда 2007 жылы жұмыс істеп, «Шахтерды» және еліміздің жастар құрамасын (U-21) жаттықтырған еді.

«Мен оны жақсы танимын. Ол бірнеше маусымды өте жоғары деңгейде өткізді. Көптеген сарапшылар оны өткен маусымдағы лиганың ең үздік жас ойыншысы деп санады. Бәлкім, солай да шығар, бірақ қалай болғанда да, оның жаңа деңгейге көтерілетін уақыты келді.

Ойва – жылдам, физикасы мығым және жеңіске деген мінезі бар футболшы. Оның «Қайратқа» ауысуы туралы айтар болсам: егер жас ойыншыны дұрыс жаттықтырып, оны түсіне білсе, ол нағыз гауһар тасқа айналуы мүмкін. Дәл Оксанен секілді!

Алайда Чемпиондар лигасындағы қысым өте жоғары, сондықтан оған уақыт қажет болады және қателіктері арқылы үйренуге мүмкіндік беру керек», – деді Ю. Малинен ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Қайрат» Финляндия құрамасының 23 жастағы вингерімен 2027-жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа отырды. Ойва Юккола Юккола «Ильвес» клубының түлегі. Былтыр 37 матчқа қатысып, сегіз гол мен жеті нәтижелі пастың авторы болды.Сондай-ақ, өткен жылы Финляндия құрамасында дебют жасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров