Жарнама
Жарнама

Сарапшылар «Қайратқа» неге сенбейді? ҚПЛ чемпионы негізгі кезеңге шығады дегенге тек 10 пайыз беріпті

13.08.2025, 16:23

Братиславадағы керемет кеште келесі, шешуші кезеңге жолдама алған «Қайрат» Шотландияның «Селтигіне» қарсылас атанды.

"Қайрат" футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Бірнеше сараптама орталығы жалма-жан командалардың мүмкіндігін таразыға салып, кім жеңімпазды жорамалдап көріпті. Спорттағы сәуегейлердің тұжырымы – ҚПЛ чемпионының жеткен жері осы, Рафаэль Уразбахтин командасының шотландиялық топ-клубқа қарсы қоятын ештеңесі жоқ дегенге саяды. Кім біледі, «Слованға» қарсылас атанғанда да алматылықтарға сенім артқандар қарасы көп болмаған еді. Бірақ, кешегі ойын мен жалпы теке-тірес доптың домалақ екенін дәлелдеп берді.    

Айта кетейік, командалар алдымен 21-тамызда Глазгода жолығады. Жауапты матч 16-тамызда Алматыда болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров