Танымал маман Болат Есмағамбетов ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Селтик» - «Қайрат» кездесуіне тоқталып, алматылық клубтың өнерін бағалады.
Кеше командалардың алғашқы ойыны өтіп, тең нәтиже тіркелген 0:0.
«Футболда ньюанс көп. Қарсыластың футболшылары қанша жерден мықты, қымбат болғанымен де, толық бабына келіп үлгерген жоқ. Чемпионаттары енді басталып жатыр. Одан кейін футболда ақша ойнамайды, адамдар ойнайды. Сондықтан, кеше «Қайраттың» ойыншылары дайындық жағынан кем түскен жоқ. Алматылық клубтың қақпашысына де ерекше тоқталғым келеді. Заруцкий өте қауіпті сәттің бетін қайтарды, Анарбеков те ойынға шұғыл түрде шықса да, қорықпай, жоғары деңгейде өнер көрсетіп берді. Темірлан қорғаушыларымыздың соңғы минуттардағы өрескел қателігінде кәдімгідей құтқарып қалды деуге болады», - деді белгілі бапкер «Аладоп.кз» сайтына.
«Қайрат» қарымта кездесуін 26-тамызда өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET