Жарнама
Жарнама

Сары қағаз алған бірқатар футболшымыз Бельгиямен болатын алдағы ойыннан шет қалуы мүмкін

13.10.2025, 21:47

Қазіргі кезде ел құрамасының 4 футболшысының еншісінде 1 сары қағаздан бар.

Жарнама
Жарнама

Рамазан Оразовпен қосқанда, командада ескерту алғандар саны 5-еу. Алайда “Елімай” ойыншысы жарақатына байланысты бүгінгі матчқа қатыспайды. Сол себептен, Рэм Македонияға қарсы сары қағаз алады деген ойдан аулақ боламыз. Ал Бақтиер Зайнутдинов, Исламбек Қуат, Ислам Чесноков және Әлібек Қасымға бүгінгі болатын кездесуде барынша абай болуы қажет. Аталған футболшылар Қазақстанның алдыңғы ойындарында төреші тараптан жазаланған. Бүгінгі матчта осылардың біреуі тағы да сары қағаз алса, онда Максим Самородов секілді келесі кездесуден автоматты тұрғыдан шет қалады. 

Әлем чемпионатының іріктеуін біздің құрама 15 қарашада Бельгиядағы ойынмен түйіндейді.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: