Жарнама
Жарнама

"САТ" кубогы сәтті аяқталды

28.03.2011, 18:31
Жарнама
Жарнама
Шағын футболдан журналистер арасында өткен турнирде Хабар телеарнасы жеңімпаз атанды. 12 команда қатысқан турнир бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған қарамастан жоғарғы деңгейде өтті деуге болады. Алматы телеарнасы А тобында өнер көрсетіп Хабар, Қазақстан, КТК, Тан сияқты арналардың арасында өз тобынан екінші орынмен шыққан еді. Артынша плей-офф кезеңінде әріптестеріміз "Алаш айнасы" газеті ұжымын, одан кейін Алматы спорт журналын пенальти арқылы ұтып, финалдан бір ақ шықты. Ақтық бәсекеде Хабар телеарнасымен кездесті. Ойын өте тартысты өтті. Кездесу бойы командалар терезесі тең өнер көрсетті. Алайда Аманкелді Сейітхан бастаған журналистер тобы әупірімдеп жүріп соңғы минутта қарсыласынан айласын асырды. Есеп 1:0. Хабар чемпион. Үшінші орынға болған матчта Алматы спорт 2-0 есебімен СТВ телеарнасын ұтты. Жеңімпаздарға Сат компаниясының кубогы мен естелік сыйлықтар мен медальдар табысталды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров