– Әлі ешнәрсе белгісіз. Бірақ сіздің қолыңызға түскен ақпараттың шындыққа жанасымы бар. Қаржы тапшылығына байланысты клуб енді өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Енді қандай шара қолданамыз? Қолыма клубтың жабылатыны туралы ресми қағаз түскен жоқ. Яғни бізде әлі мүмкіндік бар. Қазір басшылықпен кездесіп, осы жайында сөйлесейін деп отырмыз. Сәтбаев қаласына «Қазақмыс» футбол клубының өте керек екенін дәлелдегім келеді, – деді Ғалым Әбутәліпұлы. Иә, Қазақстан футболы «Қазақмыс» секілді клубынан айырылса, өкінішті болар еді. Дегенмен жақсылыққа үміттенеміз. 70 мыңнан астам халқы бар қала командасыз қалмайды деп сенеміз. Оның үстіне, «Қазақмыстан» Ақжол Серікжанов, Гейсар Алекперзаде сынды саңлақтардың түлеп ұшқанын да ұмытпауымыз керек. Ал 2006 жылы құрылған «Қазақмыс» футбол клубына келер болсақ, екі мәрте жоғарғы лиганың жеңімпазы атанып, 2009 жылы премьер-лигада өнер көрсеткенін айта кеткеніміз жөн.
Автор: Арсен Жанаділ
Біздің серіктес: FONBET