Сауд Арабиясы болашақ қаласы Неомның жобасы аясында ерекше нысан — 350 метр биіктіктегі стадионды салу жоспарын қарастырып жатыр.
Интернетте тараған бұл жоба "аспан стадионы” деп аталып, қазіргі заман архитектурасындағы ең батыл идеялардың бірі ретінде бағалануда.
Жобаның тұжырымдамасына сәйкес, арена 46 мың көрерменге арналған және толықтай күн мен жел энергиясымен жұмыс істемек. Бұл оны экологиялық жағынан ең озық спорт нысандарының қатарына енгізеді.
Құрылысты 2027 жылы бастау жоспарланып, 2032 жылы аяқтау көзделген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бұл стадион 2034 жылғы футболдан Әлем чемпионатының кейбір матчтарын өткізуі де мүмкін. Дегенмен, бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Біздің серіктес: FONBET