Сауд Арабиясының федерациясы Роналдуға қарсы тергеу жүргізуде

26.02.2024, 14:23

Кеше Сауд Арабиясының чемпионаты аясында португалиялық футболшы "Әл-Наср" сапында "Аш-Шабабпен" болған матчқа (3-2) қатысты. Ойын кезінде қарсылас команда жанкүйерлері Лионель Мессидің фамилиясын біренеш рет дауыстап айтқан көрінеді.

Криштиану Роналду да есесін жібермепті. Кездесудің соңында "Аш-Шабаб" жанкүйерлеріне барып бір оғаш қимыл жасаған деседі. Енді осы оқиғаға байланысты Сауд Арабиясының футбол федерациясының тәртіптік кеңесі тергеу жүргізіп жатыр.