Жарнама
Жарнама

Сауль Альварестің спарринг әріптесі Қазақстан футболы жайлы ойын айтты

09.09.2025, 20:26

Кәсіпқой бокста екінші орта салмақта жұдырықтасатын Бек Нұрмағанбет футболға деген қызығушылығы жайлы ойымен бөлісті.

Жарнама
Жарнама

— Футболды қадағалап жүремін. Матчтарды қараймын. Бірақ басқалар сияқты қызуқанды жанкүйер емеспін. Маған ұлы футболшылардың ойынын көру қызық. Кейде жай ғана өзіме ұнаған кез келген ойынды тамашалаймын. Қазір, әрине, «Қайратты» бақылап жүрмін. Олар тарих жазып жатыр. Мен қазақтарға таңғаламын, — деді Бек Нұрмағанбет.

Еске сала кетейік, алматылық «Қайрат» алғаш рет тарихында Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне шықты. 30 қыркүйек күні команда өз алаңында мадридтік «Реалмен» кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: