Жарнама
Жарнама

"Саутгемптон" Еуропа Лигасына жолдама алды

31.05.2015, 06:32
Жарнама
Жарнама
"Арсенал" Куман баптайтын "Саутгемптонға" көмектесті. Англия кубогінің финалындағы "Арсеналдың" жеңісі "Саутгемптонға" келесі маусымда Еуропа Лигасына қатысуға мүмкіндік сыйлады. Егер де, "Астон Вилла" жеңіске жеткенде олар кәрі құрлықтың екінші санатындағы турнирге жолдама алар еді. Бірақ та, бұл бақ "Саутгемптон" командасына бұйырған екен. Команда турнирдің үшіні кезеңінен бастап жарысқа қатыса алады. Дәл сол кезеңде "Саутгемтонды" жазда еліміздің намысын Еуропа Лигасында қорғайтын "Қайрат", "Ақтөбе" немесе "Ордабасының" қарсыласы ретінде көріп қалсаңыз таңғалмаңыз. Алайда, ол үшін отандық командалар алғашқы кезеңдерден сүрінбей өтуі тиіс. Жеребе 17-ші шілде күні Швейцарияның Ньон қаласында тартылады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров